Меню KDT

Новости

#Біз біргеміз!

КЕЛЕШЕККЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН БІРГЕ АЯҚ БАСАМЫЗ...

Қазақ елінде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңер" тақырыбындағы мақаласы көпшілікке ой салды. Елбасы тәуелсіздік жылдарындағы тығырық пен қиындықты еңсерген қазақ елі бұл дүниежүзілік індетке де төтеп беретінін нық сеніммен атап өтті. Тәуелсіздік алғалы 30 жыл толар-толмас Елбасының сындарлы саясатының арқасында ел экономикасы мен басқа да салалар жүйелідаму үстінде. Осы өркендеуіміздің бірден-бір арқауы-ол елдің бірлік, берекесінің мығым болуы деп орынды атап көрсетті.
Ата заңымыздың бірінші бабында "Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі" деп нақты жазылған, осыған байланысты енді әр жеке тұлға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сабырлық сақтауы тиіс.
Біз ұстаздар қауымы, оқушыларды қашықтан оқыту барысында олардың толық білім алуына негіз болуымыз керек. Білім министрінің нұсқауымен ұйымдастырылған "Күнделік", "Bilim Land", "DarynOnline" платформалары және "Балапан" телеарналары бізге көмекке келді.
"Мәңгілік елдің-мәңгілік болашағын құруға негіз болатын ұстаздар қауымы, біз екендігімізді ұмытпайық!
Біз біртұтас қазақ деген тәуелсіз халықтың ұрпағымыз, жеткіншектеріміз көк аспанымызда қырандай еркін самғасын!
#Бізбіргеміз!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надырова Акмарал Базарбайқызы



Просмотров: 213

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Каментиков Ержан Кайратович директор КГУ Кишкенекольской казахской школы-гимназии

Ваш любимый предмет?

Голосовать

  • За месяц53
  • За неделю27
  • Вчера2
  • Сегодня4
  • Онлайн:0

Полезные ссылки