"Ана тіршілік тірегі, тәрбие бастауы" атты жалпы мектепішілік аналар жиналысы
6.03.2023 күні "Ана тіршілік тірегі, тәрбие бастауы" атты жалпы мектепішілік аналарға арналған жиналыс өтті. Күн тәртібінде мектептің өзекті мәселелері мен оқушылардың жетістіктері жайлы мектептің ОІМ Искакова Д.С баяндама оқыды.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг" жайлы баяндаманы Уалиханов ауданы ОМП ОП ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ІІБ полиция майоры Сандыбаева А.Ә оқыды.
"Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі" атты баяндаманы 10 - сынып жетекшісі Темербаева А.Қ оқыды.
Мектеп психологы Шарипова З.Г. аналармен тренинг өткізді.
Әр сыныптың белсенді аналары алғыс хаттармен марапатталды. Жиналыс соңы концерттік кешпен аяқталды.



Просмотров: 8
Комментарии